Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Желтоқсан, 2018

«АДАМЗАТТЫҢ АБЗАЛЫ» АТТЫ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТЕДІ

Желтоқсан айының 28-жұлдызында Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен қорытынды республикалық Мәуліт кеші өтеді. Бұл туралы "Әзірет Сұлтан" мешітінің ақпараттық, рухани-ағарту порталы хабарлайды.

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз туылған Мәуліт айының құрметіне өткізіліп отырған Рухани кеш аясында сансыз салауаттар айтылып, діни әндер мен термелер орындалатын болады. Елімізге белгілі «Өнер қырандары» театрының тағылымды көріністері қойылып, жиылған жұртшылыққа жан-жақты әзірленген мерекелік шара ұсынылады.

Рухани кеш қонақтары ретінде белгілі композитор Жәкен Омаров, әнші Қайрат Нұртас, Төрғали Төрәлі, Құрмаш Махан, Сержанәлі Әлібек, айтыскер ақын Арман Бердалин, Дидар Қамиевтер қатысып, өз өнерлерін ортаға салады.

Кеш аясында «ПАЙҒАМБАРЛАР СҰЛТАНЫ» жыр мүшәйрасының жеңімпаздарының есімі жарияланып, бас жүлде – Кіші қажылық жолдамасы табысталатын болады.

Сондай-ақ, биылғы жылы тұңғыш рет халық арасындағы қарапайым тұлғалар арасында «Үлгілі ұстаз», «Жас ғалым», «Тәлімгер тұлға», «Жанашыр жан», «Қамқор отбасы» атты арнайы номинациялар өткізіліп, «Мәуліт сыйлығы» берілетін болады.

1406 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз