Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Желтоқсан, 2018

«Айналайын» балалар үйіндегі қуаныш

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорғандағы «Айналайын» балалар үйіне барып, балаларды жаңа жылымен құттықтады,  деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Балалар үйінің жаңа жылдық безендірілген залында тәрбиеленушілер Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен«Сезам» театрының шырша мерекесіне арналған ертегілерінен үзінділер көрсетіп, би билеп, ән салды.

Бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған облыс әкімі А. Баталов елімізде Президент саясатына сәйкес балаларға қамқорлық жасалып, барлық мүмкіндіктер қарастырылып отырғанын атап өтті.

- Жыл сайын Жаңа жыл мерекесін алдымен сендерге келіп, өздеріңмен жүздесіп, құтықтаудан бастау дәстүрге айналған. Биыл да сол дәстүрге сай орталарыңа келіп отырмыз. Сендердің бал-бұл жанған жүздеріңді көру - біз үшін үлкен қуаныш. Күні кеше Президенттің шыршасына қатысып, Елбасының өздеріңе деген ыстық ықыласын сезініп, жылы лебізін тыңдадыңдар. Сендердің жақсы білім алып, азамат болып ер жетіп, елге қызмет етулеріңебізде барлық жағдай бар. Жаңа балабақшалар ашып, мектептер салынып жатыр, балаларды интеллектуалдық жағынан дамытатын Назарбаев зияткерлік мектептері бар, Елбасының «Болашақ» бағдарламасы қаншама жастың білім жолында ізденуіне даңғыл жол ашты. Келесі жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Осындай игіліктің бәрі сендер үшін жасалып отыр. Жаңа жылда әрқайсыларыңның жүрек түкпіріндегі аяулы армандарың орындалсын. Келер жыл жақсылығын, қуанышын ала келсін, - деген А. Баталов балаларға фотобейнекамера, планшет және принтер сыйға тартты. Сондай-ақ жаңа жылдық тәттілер таратылды.

1502 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз