Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Қаңтар, 2019

Шарын шатқалының сұлулығы

Шарын шатқалы- Алматы қаласынан 195 шақырым шығысқа қарай орналасқан. Оның бір ерекшелігі, қыста қар көп жатпайтындығында. Шатқалды осы мезгілде аралап шыққан әріптесіміз, сол ғажайыптарды суретке түсіріп қайтты. 2004 жылдың 23 cәуірінде құрылған Шарын ұлттық паркінің құрамына кіреді. Шарын шатқалы жасы 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстардан қалыптасқан табиғат ескерткіші. Каньон құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Шарын шатқалы - Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 154 км созылып жатыр. Бұл аймақтың рельефі әртүрлі. Жарқабақтың бағаналары, баурай, жыралары 150-300 м жетеді. Жарқабақ түсі Америкадағы Үлкен жарқабақтарға қарағанда ашық-қызғылт.   Шарында жер шарында сирек кездесетін, мұздану кезеңінен өткен ясень кездеседі. Сирек кездесетін согдиандық түрі 25 млн жыл бұрын жер бетінде кең таралған, ал қазір қорғалатын аумақ. Сондай-ақ, Шарын шатқалынан бөлек, "Темірлік", "Жабыр" немесе "Ұзынбұлақ аңғары", Бестамақ секілді тағы кереметтерді көруге болады. Бірақ бұл жерлер туристер үшін әлі де танымал емес. Суреттерді түсірген: Досжан Балабекұлы. Алматы облысы

5687 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз