Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Қаңтар, 2019

Ал, кеттік - Көкжайлауға!

Көкжайлау – 2251 метр биіктікте тұрған шағын және қолайлы үстірт.  Бұл үстірт Кіші Алматы мен Үлкен Алматы шатқалдарының арасындағы өзіндік асу іспетті. Көкжайлаудан қысы-жазы туристер бір тоқтаған емес. Жаяу шығушылар соқпағының тарихы да тереңде жатыр, өйткені тапталған соқпақ, жеңіл, әрі ыңғайлы. Тауды ұнататын қалалықтарды сенбі-жексенбі күндері осы үстірттің үстінен кезіктіруге болады. Тауға шығушылардың өзіндік мәдениеті де бар. Мұны тауға бірінші рет шығып отырған адам бірден байқайды. Өйктені таудағы туристер бір-бірін танымаса да, жол-жөңекей амандасып өтеді.  Міне, бұл - тау эткасы! Көкжайлауға көтерілу үшін шатқалдың солтүстік суайрығына шығу қажет. Бұл бағыт жұртшылыққа кеңінен танымал, өйткені Көкжайлауға әр тұсынан небәрі бір күн ішінде шығуға болады. Бірақ ең басты бағыт – әрине Құмбел шыңы арқылы шығу. Көптеген танымал және атақты алпинистер мен туристер өздерінің ең алғаш шыққан тауы ретінде Құмбелді атайды. Қала жақындығы, шығудың оңайлығы және тамаша панорамасы бұл жерді танымал еткен. Суреттерді түсірген: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ  

3775 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз