Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 31 Желтоқсан, 2018

Богатырь Көмір» тұтынушыларға көмірдің рекордтық көлемін жөнелтті

Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС-нің көмір кеніштерінен көмірдің соңғы 10 жыл ішіндегі рекордтық көлемі өндіріліп, тұтынушыларға жіберілді. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі  хабарлайды. Жыл соңына қарай кеншілер 45 млн. тоннаға жуық көмір жөнелтті, бұл кәсіпорынның өндірістік қуатынан асып түседі (42 млн. тонна). Жылдық жоспарды – 41,30 млн. тоннаны – олар 5 желтоқсанда орындап қойды. Қазақстанның энергия жүйелерінің көмірді тұтынуы күрт өсіп, «ГРЭС Топар» ЖШС-ға, «Павлодарэнерго» АҚ-ның Павлодар ЖЭО-2, 3 жоспардан тыс көмір жөнелтілуі және коммуналдық-тұрмыстық мұқтажды өтеуге көмірдің көп тиелуі оның биыл өндіру және сату көлемінің ұлғаюына себеп болды. «Богатырь Көмірдің» кеніштерінен алынатын көмір Қазақстан мен Ресейдің электр және жылу станциаларында отын ретінде, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық мұқтажды өтеуге пайдаланылады. Оның негізгі пайдаланушылары – «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және Рефтинск ГРЭС, оларға жөнелтілетін көмірдің үлесі 45%-тен асады.

990 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз