Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 31 Желтоқсан, 2018

1 қаңтардан бастап Қазақстанда электрондық виза енгізіледі

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер бір реттік визаны электрондық форматта ала алады, деп хабарлайды  Kazgazeta.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Электрондық виза (іскерлік, туристік және емделу үшін) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі бөлімшелерінде белгіленген тәртіппен ресімделген қазақстандық тараптың шақыруы негізінде беріледі. Шетелдіктер жарамды электрондық визамен тек Астана және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайлардың бақылау пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кіреді және шығады. Туристік электрондық визалар 117 елдің, іскерлік және емделу үшін - 23 елдің азаматтарына беріледі (елдер тізімі қоса беріледі).

Электрондық виза тек визаны алушы үшін ғана жарамды және онымен бірге жүрген тұлғаларға қолданылмайды. Төленген консулдық алымдар қайтарылмайды. Виза алушының ұсынған паспорты келесі өлшемдерге сай келуі тиіс: 1) түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмеуге, ұзартулар, белгілер, ескертпелер, жазбалар, өшірулер мен түзетулер, жыртылған немесе тігілген беттері болмауы тиіс;  2) кемінде 2 таза бет болуы тиіс; 3) қолданылу мерзімі сұратылған визаның қолданылу мерзімінің аяқталу күнінен бастап 3 айдан бұрын аяқталмауы тиіс. Қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын келіп кетішулер туралы көші-қон қызметі органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды (аталған қызмет онлайн режимде Визалық және көші-қон порталында қолжетімді).   Электрондық визаны рәсімдеу алгоритмі - электрондық визаны алу үшін Визалық және көші-қон порталында тіркелу (www.vmp.kz); - тіркелуден кейін электрондық визаны алу талаптарымен танысу; - шақыру нөмірін енгізу (Қазақстан Республикасындағы шақырушы тараппен жіберіледі) және визалық сауалнаманы толтыру; - консулдық алымды төлеу; - электрондық визаны басып шығару (виза жеке кабинетте қалыптасады және сауалнаманы толтырған кезде берілген электрондық поштаға жіберіледі); - Астана және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларында паспорттық бақылаудан өту кезінде басып шығарған электрондық визаны ұсыну қажет.

 

595 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз