Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 03 Қаңтар, 2019

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Б.ТӨРЕБЕКОВ ЧЕМПИОНДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Мақтаарал ауданы әкімінің бірінші орынбасары Бейсенбай Төребеков республикалық және облыстық чемпионаттардан жүлдемен оралған спортшыларды қабылдады. Б.Тасболатұлы ауданымыздың абыройын асқақтатып, беделін көтерген спортшыларға деген ізгі тілегін арнап, аудан әкімі Б.Асановтың алғыс хаттарын табыстады. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

"Елдің атын асқақтататын саланың бірі - өнер болса, екіншісі - спорт. Міне, облыстық және республикалық чемпионаттардан жүлдемен оралып, ауданымыздың абыройын асқақтатқандарыңыз үшін Сіздерге аудан әкімінің атынан және өз атымнан алғысымды білдіремін. Жаңа 2019 жылда бұдан да биік белестерді бағындырып, Азияның, әлемнің чемпионы бола беріңіздер!" - деді Бейсенбай Тасболатұлы.

Айта кетейік, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған волейболдан ересектер арасындағы Түркістан облысының чемпионатында І орынға қол жеткізген Мақтаарал ауданының командасы чемпион атанды. Жарыс 10 айға жалғасып, Түркістан қаласында өткен ақтық кезеңде мақтааралдықтар Түркістан қаласы мен Сайрам, Ордабасы, Түлкібас, Бәйдібек аудандарының командаларын басып озды.

Қарағанды облысы Теміртау қаласында спорттың каратэ - до шотакан түрінен өткен республикалық чемпионатта бір жерлесіміз чемпион атанса, тағы бір жерлесіміз ІІ орын алды. Сондай-ақ, 4 спортшымыз ІІІ орыннан көрінді.

Ал, Шымкент қаласында каратэ - до шотканнан өткен тағы бір чемпионатта 2 жерлесіміз І орын, 3 жерлесіміз ІІ орын, 4 жерлесіміз ІІІ орынды алып, мақталы өлкенің абыройын асқақтатты.

Жалпы биыл мақтааралдық спортшылар облыстық жарыстардан 41 алтын, 39 күміс, 14 қола алса, Қазақстан Республикасының біріншіліген 32 алтын, 31 күміс, 18 қола медаль иеленді. Сондай-ақ, әлем чемпионатында бір спортшымыз алтыннан алқа тақты. Ал, Азия ойындарында 1 алтын, 2 күміс медаль иегерлері атанып, спортшыларымыз жылды толағай табыспен аяқтады.

811 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Геннадий Головкиннің отбасы тағы бір сәби күтіп отыр
Келесі мақала Еуропаның ең қымбат футболшыларының рейтингі жасалды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *