Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 04 Қаңтар, 2019

Бақыт Сұлтанов Астанадағы барлық газ толтыру станцияларын тексеруді тапсырды

Мұндай тапсырма газды пайдалануға қатысты екі оқиғаның орын алуына орай беріліп отыр, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аппараттық кеңесте Астана әкімі Бақыт Сұлтанов ТЖ департаментіне қаладағы барлық газ толтыру станцияларын тексеруді тапсырды. Естеріңізге сала кетейік, 2 қаңтарда кешке Ақжол көшесі, 26 мекен-жайы бойынша орналасқан жеке газ толтыру станциясы аумағында сыйымдылығы 5 текше метрді құрайтын цистерна өртенген болатын. Осының салдарынан станция маңындағы қойманың шатыры бүлініп, жатахана терезелері сынған. Сонымен қатар, 26 желтоқсанда қаладағы тұрғын үйлердің бірінде газгольдер жанған болатын.

«Әріптестер, 31 желтоқсанда Магнитогор қаласында 10 қабатты тұрғын үйде газбаллоны жарылғанын білесіздер. Адамдар қайтыс болды. Осындай жағдайдың алдын алу мақсатында ТЖД-не, индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментіне аталған жағдайларға байланысты тексеріс жүргізіп, қаладағы барлық газ құю станцияларын тексеруді тапсырамын. Оның нәтижесі бойынша маған есеп беретін боласыздар»,– деді Бақыт Сұлтанов.

Бақыт Сұлтанов қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовке тексерісті тікелей өз бақылауына алуды тапсырды. Аппараттық жиын барысында әкім елорданың тыныс-тіршілігі үшін жауап беретін барлық қызметтің үйлескен және жедел жұмысын атап өтті. Сонымен қатар, қаланың проблемалық мәселелеріне қатысты рейтингке сәйкес iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығына қала тұрғындарынан түсетін проблемалық мәселелердің қатарында қалалықтардың тыныштығын бұзу оқиғалары шешімін таппай отыр (кәсіпкерлік нысандары) отыр.

Осылайша жыл басынан iKomek орталығына тұрғын үйлердің тұрғын үйлердің жертөлелерінде, бірінші және екінші қабаттарында орналасқан  тамақтану және демалыс, көңіл көтеру орындарының тыныштық заңын сақтамауы туралы 70 өтінім келіп түскен. Тұрғындар түнгі уақытта әуендердің тым қатты естілуіне, айғай-шуға, қоғамдық қауіпсіздік, санитарлы-гигиеналық ережелердің бұзылуына қатысты шағым түсіреді.

Бұл ретте Б. Сұлтанов мұндай мәселелерді шешу үшін сәулет басқармасына кешенді шараларды әзірлеп, жұмыс барысы жайлы Қала құрылысы кеңесінің алдағы отырысында баяндауды тапсырды. Астаналықтардың жиі көтеретін және жиі қоятын сұрағы – медициналық қызмет көрсететін орталықтардың қолжетімділігі. Жыл басынан iKomek 109 бірыңғай орталығына «Дәрігердің қабылдауына жазылу» қызметі бойынша 42 өтініш түскен. Атап айтқанда, қала тұрғындары емханаға тіркелу, тіркеу орны қызметкерлерінің, дәрігердің қабылдаудан бас тарту жағдайларына (DamuMed қосымшашы енгізілуіне байланысты), тіркелген сәттен бастап дәрігердің науқасты қабылдау үрдісінің ұзақтығына қатысты шағым түсірген.

«Мемлекет басшысы медициналық қызмет көрсету сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің маңызды компоненті екендігін әрдайым айтады. Кез келген жан медкөмекті сапалы, кедергісіз алуы тиіс. Астана мемлекеттік қызмет көрсетуден бірінші кезекте, медицина, білім саласы бойынша көшбасшы болуы тиіс»,  – деді әкім.

Қала әкімі орынбасары Ермек Аманшаевқа осы мәселені өз бақылауына алуды тапсырды. Тұрғындарды мазалаған тағы бір мәселе – қысқы демалыс орындарындағы сақтық шарасы. Б.Сұлтанов аудан әкімдеріне қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, демалушылардың жақсы демалуына барлық жағдайды жасауды тапсырды. Сондай-ақ, ол демалыс орындарындағы кәсіпкерлер жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Әкімдік кәсіпкерлерге адамдар көп жиналатын орындарда қонақтарға қызмет көрсете отырып, табыс табуға барлық жағдайды жасады. Ал кәсіпкерлерден бірақ нәрсені талап етеміз. Ол – таза, ашық жұмыс. Егер кәсіпкер кассалық аппаратты қолданбаса, онда ашықтық туралы әңгіме айтып керек емес», –  деген әкім аудан әкімдеріне кәсіпкерлердің барлығында кассалық аппараттың болуын талап етуді, оларды тексеруді тапсырды.   «Астанада көлеңкелі бизнеске жол жоқ»,  – деді әкім.

Сонымен қатар, аппараттық кеңесте қала әкімінің орынбасары А. Әмрин, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Астана кірісінің 429,9 млрд теңгені, ал орындалуы 100,9% құрағанын айтты. Бюджеттің шығындалуы 99,8% орындалды.

1130 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз