Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Қаңтар, 2019

Атырау облысында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Атырау облысы әкімінің міндетін атқарушы Серік Шәпкенов аймақ активіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Мемлекеттік лауазымның бос орнына орналасу конкурсының қортындысы бойынша Асқар Жанахмет аталған лауазымға тағайындалды. Ол бұған дейін Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Серік Шәпкенов жаңа басшының тәжірибесі мен біліктілігі жүктелген міндеттерді абыройлы атқаруға септігін тигізетінін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Асқар Жанахмет құрылыс және экономика бойынша жоғары білімді. Еңбек жолын 2006 жылы жеке секторда менеджер қызметінен бастаған, кейін жеке компанияның бас директоры болған. 2012 жылы мемлекеттік қызметте жұмыс істеп бастады: бас маман, инспектор, бөлім басшысының орынбасары, Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды. 1 тамыз 2017 жылдан бастап жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді. 11 қаңтар 2018 жылы Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

870 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз