Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 09 Қаңтар, 2019

БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсімі оңайлатылды

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ-ға, оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына (ҚР 26.12.2018ж. №203-VI Заңы) тиісті өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз орталығы.

Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

Еске саламыз, бұған дейін жеке тұлға МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшін шот ашу жөнінде тиісті өтінішті рәсімдеуге міндетті болатын.

Ескере кететін жәйт, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалады.

Айта кетелік, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналарын (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшін өте ыңғайлы.

1332 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз