Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Білім & ғылым
  • 11 Қаңтар, 2019

Қазақстанда 15 қаңтарда ҰБТ өтеді

Қаңтар айының 15-20 аралығында елімізде ақылы негіздегі Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап, kazgazeta.kz.

Осы жылдан бастап ҰБТ жылына төрт рет: қаңтардың 15-20, наурыздың 24-29, маусымның 20 мен шілденің 5-і, тамыздың 17-20 аралығында өткізілетін болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлаған болатын. Тестілеу ақылы негізде өтеді. Яғни, ниет білдіруші 2242 теңге төлеп, бағын сынай алады. Айта кету керек, қаңтар, наурыз және тамыз айларында өткізілетін ҰБТ үміткерге жоғары оқу орындарының тек ақылы бөлімдеріне түсу құқығын беретін болады. Осы үш тестілеудің нәтижесі бойынша басқа үлгідегі сертификат беріледі. Ол сертификаттар грантқа үміттенуге жарамсыз. Қаңтарда аймақта тест 8 нүктеде өткізіледі. Осы жолғы тестті ЖОО-на ақылы түрде оқуға түсу үшін мектеп түлектері, бірінші семестрдің соңына дейін ақылы түрде ЖОО күндізгі бөліміне тіркелгендер, шығармашылық емтихандар қажет болған факультеттердің басқа мамандыққа ауысқысы келетін студенттері тапсыра алады. Тестіден өтуге қажетті құжаттар арасында форма бойынша өтініш (ҰБТ өткізу пунктінде беріледі), 3х4 сантиметр көлеміндегі фотосурет, жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі, талапкер оқитын орта білім беру мекемісінен анықтаманың екі данасы және тестіге қатысуға төленген өтемақының түбіртегі болуы керек.

704 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз