Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 14 Қаңтар, 2019

Ұлттық санақ туралы 3 дерек

Ұлттық санақтардың әлеуметтік-экономикалық маңызы өте жоғары. Ол құр статистика немесе сан ғана емес. Әрине, Ұлттық санақтың нәтижесі бойынша, әуелі Қазақстан халқының нақты санын айқындауға тырысамыз. Екіншіден, қала халқы мен дала халқының айырмасын шығарып, елде ер мен әйелдің де санын айқындауға мұрсат аламыз. Тұрғындардың жасы, отбасылық жағдайы, күнкөріс көзі – қысқасы, Қазақстан халқының саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени бет-бейнесі жасалмақ. Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұған дейін екі санақ өтті. Алғашқысы – 1999 жылы, тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы 8 жылда қатарымыз сиреп, 1989 жылмен салыстырғанда 7,7 пайызға кеміген екенбіз, халық саны 14 953 100 адамға жеткен. 2009 жылғы санақ нәтижесі бойынша, халық саны – 16 004 800 адамға жетіп, 1999 жылмен салыстырғанда, 6,8 пайызға артқан. Биылғы санақты  әдеттегідей ақпан айында емес, күзде өткізу жоспарланып отыр. Санақ анкетасы 45 сұрақтан тұрады. Ең басты ерекшелік – бұл жолғы санақтың электронды түрде өтетіні. Статистика жөніндегі комитеттің сайтында ел тұрғындары үшін арнайы электронды анкета жүктеледі. Интернетке қол жеткізу мүмкіндігі бар кез келген адам бұл анкетаны толтыра алады. Тұрғындар арасында интернет сауалнама өткізу – 1-15 қараша аралығына жоспарланып отыр. 15-30 қараша аралығында санақшылар пәтерлерді аралап, интернет арқылы жиналған сауалнаманың рас-өтірігін анықтайды. 2019-2021 жылдың республикалық бюджетінде ұлттық санаққа 8,8 миллиард теңге бөлінген. Оның 3,3 миллиарды қызметкерлердің еңбекақысына жұмсалса, 1,9 миллиарды – планшеттерді сатып алуға, 1 миллиарды «е-Статистика» ақпараттық жүйесін жетілдіруге, 2,6 миллиарды – кеңсе тауарларына арналған.   Есен Байнұр

4030 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз