Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 15 Қаңтар, 2019

"Оян, қазақ!" ұраны бүкіл түркіге рух берді

Түркия телеарнасында профессор Hülya Kasapoğlu Çengel ханымның түркі халықтарындағы "Оян" мотиві туралы айтқан пікірі көпшілікті бей-жай қалдырмады. Өйткені, Міржақып Дулатұлының "Оян қазақ" атты өлеңі түрік пен ұйғыр халқына ой салып, үлгі болғаны белгілі болып отыр. Шын мәнісінде бұл Алаш идеясының өміршеңдігін көрсетсе керек. Алайда біздің кейбір ғалымдарымыздың "Алаш арыстары түркі идеясын қолдамады" деп айтып жүргені жасырын емес. Әйтсе де түрік ғалымы «Міржақып Дулатұлының «Оян қазақ» өлеңі түркі халықтарын санасын оятуда серпіліс әкелді. Қазақстанның тәуелсіздік алуында Алаш қозғалысының тарихи маңызы үлкен. Мұндай жыр түрік ақыны Мехмет Акиф пен ұйғыр шайыры Әбділхалықта да кездеседі. Тұтастай айтқанда, үш жырда да рух бар. Демек, түркі дүниесіндегі «Оян» мотивінің қайнар көзі – Міржақып Дулатұлы» деп отыр. Жалпы түркі халықтарының басы бірігіп, үлкен күшке айналуына кедергі келтіргісі келетін күштер бар екені жасырын емес. Алайда Елбасы түрік халықтарының бірлігі үшін айрықша еңбек етіп жатқанын білеміз. Мәселен еліміздің латын әліпбиіне көшуі түркі халықтарын етене жақындастыратын маңызды қадам. Әлеуметтік желідегі жұрттың Hülya ханымның сөзін қызу қолдағанына қарағанда түрік бірлігіне деген ықылас ерекше секілді. Демек биылғы жастар жылы аясында Түркі жастарының форумын ұйымдастырсақ нұр үстіне нұр болар еді. Себебі түркі бірлігінің артуы үшін жастардың өзара байланысын арттыруымыз керек. Мұстафа Шоқай айтқандай түркі халықтарының болашағы жалынды жастардың қолында. https://www.facebook.com/100003403233694/videos/1894060890717334/?t=32

Берік Уәлидің фейсбук парақшасынан

6182 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз