Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Білім & ғылым
  • 16 Қаңтар, 2019

ҚазҰУ-ға 85 жыл

2019 жылдың 15 қаңтарында тәрбие ісі жөніндегі департаменттің және Жастар ұйымдары комитетінің ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен түлектері «Мәңгілік ел» салтанат қақпасының алдында ҚазҰУ-дың 85-жылдық туған күніне орай флешмоб өткізді. Бұл туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі хабарлады.

Барлық факультеттерден 7000 студенттің қатысуымен өткен шарада «ҚазҰУ 85» деген жазу жазылды.

Флешмобқа ҚазҰУ-дың түлектері де келіп, білім нәрімен сусындаған білім ордасы, қарашаңырақ ҚазҰУ-ды мерейтойымен құттықтады. Кеш концерттік бағдарламамен және би кешімен жалғасын тапты.

Биыл 85 жылдық мерейтой аталып өтетін университетіміздегі игі іс-шара арасында флэшмоб алғашқысы болып отыр. Белсенді студенттер өз білім ордаларына деген құрметі мен алғысын бүгіннен бастап жолдап отыр.

1766 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз