Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Қаңтар, 2019

Елімізде мешіттер жаңа тəртіппен салынады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіт салудың арнайы ережесін бекітті, деп хабарлайды kazgazeta.kzҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Басқарманың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚМДБ ғұламалар кеңесі бекіткен құжат «Қазақстан Республикасында типтік жобадағы мешіт ғимаратын салудың тәртіп ережесі» деп аталады. «Бұл  еліміз бойынша типтік жобадағы мешіт ғимаратын салудың тәртібін қалыптастыратын негізгі құжат. Ереже ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына, «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»  заңы мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар ҚМДБ жарғысына сәйкес әзірленді. Бұдан былай мешіт ғимараты жергілікті жамағаттың санына орай 3 деңгейде салынады: ауылдық (сыйымдылығы 70-500 адам), аудандық (сыйымдылығы 500-1500 адам), облыстық, қалалық (сыйымдылығы 1000-5000 адам)», - делінген хабарламада.  Ережеге сәйкес, болашақта жаңадан салынатын мешіттің құрылысы заманауи талапқа сай және ғимараттың көрікті болуы шарт. Мешіт салуда заманауи озық үлгілері мен Исламның және жергілікті сәулет өнерін айшықтарын пайдалану міндетті. Одан бөлек, мешіттің мұнарасы, күмбезі және ішкі-сыртқы безендірілуі жергілікті дәстүрге сай болуы тиіс. «Сонымен қатар, қабылдаған құжат бойынша,  мешіт жергілікті жамағаттың санына лайықтап салынады. Бұған қоса, мешіт ауласына автотұрақ, саябақ, т.б. қажетті нысандар тұрғызылмақ. Мешіт құрылысына сапалы және ұзақ мерзімге жарайтын материалдарды пайдалану талап етіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында арнайы құрылғылар да орнатылады», - деп хабарлайды ҚМДБ. Айта кетсек, өткен жылы еліміз бойынша 38 мешіт пайдалануға берілді. Ал жалпы республика бойынша бүгінде 2 626 мешіт халыққа қызмет етеді.

807 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының қойылымдары Бейбітшілік және Келісім сарайы мен Оқушылар сарайы сахналарында
Келесі мақала Мұхамеджан ТАЗАБЕК, «Асыл арна» телеарнасының бас директоры: СИРИЯДАН ҚАЙТҚАНДАР ПЕРҒАУЫН ЕМЕС...

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *