Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Білім & ғылым
  • 17 Қаңтар, 2019

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛҒАН ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ облыстық кезеңінде мақтааралдық оқушылар жоғары белестерден көрінді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

9-10-11 сыныптардың талантты оқушылары қатысқан білім жарысында мақталы өлкеден 16 пән бойынша 44 оқушы қатысып, оның 22-і терең білімдерімен ерекшеленді.  Атап айтқанда, 1 оқушы І орын, 7 оқушы ІІ орын, 10 оқушы ІІІ орын иегері атанса, тағы 4 оқушы арнайы дипломдармен марапатталды.

Жеңімпаздарға серпін беру мақсатында Мақтаарал ауданында арнайы салтанатты жиын өтіп, аудан әкімі Бақыт Асанов білімгерлерге деген өзінің ізгі тілектерін арнады.

«Мемлекетіміз жыл сайын білім беру жүйесін жаңғыр­ту мақсатында кезең-кезеңімен реформалар жүргізіп келеді. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — жаһандық бәсекеге қабілетті маман дайындау болып табылады. Жаңадан құрылған Мақтаарал ауданының абырой-беделін көтеріп, облыстық олимпиадалардан топ жарып келген оқушыларымызды және олардың ата-аналары мен ұстаздарын шын жүрегіммен құттықтаймын. Оқушыларымыз республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысып, әрі қарай еліміздің намысын қорғайтындай үлкен азаматтар мен азаматшалар бола берсін!» - деді Бақыт Насырханұлы.

Ыстық ықыласын білдірген өңір басшысы оқушылар мен ұстаздарды, ата-аналарды өзінің алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, жиын барысында аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мадияр Бабашов сөзге шығып, білімгерлерді ұлықтады.

 

790 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз