Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Қаңтар, 2019

Баян Алагөзова мен Мәдениет министрлігіне қарсы іс қозғалды

"Махаббат бекеті" фильмі айналасындағы дау-дамай 2018 жылдың тамыз айында басталған болатын. Белгілі қазақстандық режиссер Талғат Теменовтің айтуынша, Баян Алагөзова режиссерге тиесілі фильмнің жалғасын түсіру арқылы авторлық құқықты бұзған. Сондықтан әділеттік орнату үшін Теменов сотқа жүгініп, Алагөзова мен Мәдениет және спорт министрлігінен қомақты өтемақы талап етті, деп хабарлады alashainasy.kz.

Астананың Есіл аудандық сотында қаралған іс материалдарына сәйкес, арыз Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне, Баян Алагөзоваға және "Shine Production" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бағытталған.

Арыз беруші Талғат Теменовтің талаптарына сәйкес жауап берушілер авторлық құқықты бұзғаны үшін жауап беріп, жәбірленушіге келтірілген моральдық залал үшін өтемақы төлеуі қажет.  Талап етіліп отырған өтемақы сомасы 30 млн теңгені құраған.

Режиссер сондай-ақ соттан Баян Алагөзоваға фильмді прокатқа шығаруға және көрсетуге немесе интернет-сайттарда картинаның үзіндісін жариялауға рұқсат бермеуін талап етті.

Алайда, сот Мәдениет және спорт министрлігіне, Баян Алагөзоваға және "Shine production" ЖШС-ға фильмін прокатқа шығаруға және ішінара көрсетуге тыйым салу бөлігі бойынша қарсы шаралар қабылдауға негіз таппады. Өйткені ол басқа адамдардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға әкеп соғуы мүмкін.

Осылайша, сот Талғат Теменовтың "Махаббат бекеті" фильмінің барлық даналарына тыйым салу, Баян Алагөзоваға прокатқа шығаруға және фильмді көрсету немесе интернет-сайттарда үзіндісін жариялауға рұқсат бермеу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

Дегенмен, сот Мәдениет министрлігі мен продюсерге, сондай-ақ, "Shine production" ЖШС-ға қатысты авторлық құқықты бұзу мен моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық іс қозғады.

Алдын-ала сот отырысы Есіл аудандық сотында 22 қаңтар күні сағат 15:00-де өтеді. 

879 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз