Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 22 Қаңтар, 2019

Атырау облысында мемлекеттік орган басшылары әлеуметтік желілерде халық алдында есеп беретін болады

​Есеп беру Атырау облыстық әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді,-деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

​Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Серікжан Ерментаевтың айтуынша, әлеуметтік желілерде есеп беру ақпан айында басталады және тұрақты түрде жүргізіледі.

​-2019 жылдың ақпан айынан бастап Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың басшылары әлеуметтік желілердегі Атырау облысы әкімдігінің ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы апта сайын есеп беретін болады. Бұл-уақыт талабы. Облыс тұрғындары Facebook (https://www.facebook.com/AkimatAtyrau/) немесе Instagram (https://Instagram.com/akimat_atyrau) желілері арқылы үйлерінен шықпай-ақ тікелей байланыспен сұрақтарын қоя алады,-дейді С.Ерментаев. -Мемлекеттік орган басшылары Live режимде барлық сұрақтарға жауап береді, әлеуметтік желілердің бір артықшылығы, спикерлер эфир уақытына тәуелді емес.

​2019 жылдың ақпан айында Атырау облыстық әкімдігі басқармалардың басшылары есеп бере бастайды.

​Сонымен қатар, Атырау облысында Telegram қосымшасында (t.me/akimatatyrau) чат-канал жұмыс істейді. 7 мыңнан астам адам тіркелген «Атырау Цифрлық Қабылдау» мобильді қосымшасы да бар. Әр апта сайын мемлекеттік орган басшылары Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында, облыстық телеарнада тікелей эфирге шығып, журналистер мен телекөрерменнің сауалдарына жауап береді.

336 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Екібастұз ГРЭС 1 2018 жылды қуаттың рекордтық көрсеткіштерімен аяқтады
Келесі мақала Арнайы мониторинг тобының алғашқы отырысы

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *