Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Қаңтар, 2019

Мәскеуде Рүстем Әбдірашовтың «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің көрсетілімі өтті

20 қаңтар күні Мәскеудегі Третьяков галереясында «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің көрсетілімі өтті. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Көрсетілім Ресей Федерациясындағы ҚР Елшілігінің ұйымдастыруымен өтті, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған фильм 15 ғасырда Қазақ хандығының құрылуы және Жәнібек пен Керей сұлтандардың тарихи орындары туралы бпяндайды. «Қазақ хандығы» жобасының идея авторы Нұрсұлтан Назарбаев.

- «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің Мәскеудегі алғашқы көрсетілімі. Біз орыс тіліндегі нұсқасын YouTube желісіне салдық. Бір айдың ішінде көргендер саны миллионнан асты. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Комментарийлер өте жақсы. Әлемнің түкпір-түкпірінен: Түркия, Ресей, Ауғанстан, Иран, Латын Америка елдерінен. Түрле елдердің тұрғындары біздің фильмімізге, қазақ және түркі тарихына және көшпенді мәдениетіне қызықғушылық танытып жатқандары қуантады, - деді фильмнің режиссері Рүстем Әбдірашов.

- Фильмді сатып алуға көптеген елден ұсыныс түсті. Әр қайсысы 10 сериядан тұратын екі маусымды алғылары келді. Картинаны «Тақтар ойыны» фильмімен салыстырады, - деді фильмнің бас продюсер және негізгі ролдердің бірін сомдаушы Арман Әсенов.

Фильм мәскеулік көрерменнің және ондағы қазақ диаспорасының көңілінен шықты. Халыққа толы болған зал фильм аяқталған соң, біразға дейін тарқамай туынды талқыға салып, өз пікірлерін білдіріп, қол шапалақтап тұрды. Көрсетілім ресейлік шығармашылық қауымның да назарынан тыс қалмады – фильмді көруге кино және театр актерлары Мария Голубкина, Александр Рапопорт және журналист, шоумен Дмитрий Дибров келді.

Шәкен Айманов атындағы «ҚАЗАҚФИЛЬМ» акционерлік қоғамы Акционерное общество «КАЗАХФИЛЬМ» имени Шакена Айманова

-Бұл қарапайым оқиға желісін баяндайтын кино емес. Бұл үлкен өнер туындысы. Фильмнен кейін Қазақстанға барғым және қазақ болғым келді. Бұл үлкен жетістік, фильмнің жалғасын асыға күтетін боламын, - деп ойын жеткізді Голубкина.

- Фильм ертегі, аңыз іспетті. Тарихқа деген өзіндік көзқарас. Кейіпкерлердің антропологиясы қандай нақты берілген десеңші. Қазақ, ойрат, моғол немесе шайбандардың ерекшеліктері айқын көрсетілген. Суретшілердің жұмысы қандай керемет. Көшпелі халықтың тіршілігін керемет көрсете алған. Атмосферасы бар. Костюмдердің түсі, фактурасы тамаша. Музыкасы картинада әдемі үйлесім тапқан. Фильмнің жалғасын көргім келеді, - деді Дмитрий Дибров.

Айта кетелік, «Қазақ хандығы» сериалның екінші маусымы аяқталып, көрерменге жол тартуға дайын. Аталған сериалдың кинонұсқасы «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тұсаукесері 2019 жылдың бірінші жартысына жоспарланған.

1398 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз