Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Қаңтар, 2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында роталық-тактикалық топтардың тактикалық оқу-жаттығулары өтуде

Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының әскери бөлімдеріне 2018 жылдың көктемінде шақырылған сарбаздарымен тактикалық оқу-жаттығулар өткізілуде, - деп хабарлайды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Рота-тактикалық топтардың оқу-жаттығулары Ақтау мен Ақтөбе қаларының маңында орналасқан «Оймаша» және «Есет батыр» әскери полигондарында күндізгі және түнгі уақыттарда өткізілуде. Жаттығулардың басты мақсаты мен тапсырмасы – біріктірілген бөлімшелер мен құрамалардың ортақ тапсырманы орындау кезіндегі үйлесімділігін бағалау, рота-тактикалық топ құрамында жұмыс жасауды үйрену және осындай біріктіріліген топты басқару кезінде командирлердің машықтылығы мен тәжірибесін арттыру болып табылады.

Рота-тактикалық топтардың құрамы, оларға қойылған тапсырмаға байланысты жасақталады. Бұр ретте олар бірігіп марш жасап, қорғаныс әдістерін орындап, шабуылдау амалдарын пысықтаумен қоса, басқа да іс-қимылдарды жасайды. Осы оқу-жаттығуды өткізу барысында қосымша түрде жеке құрамның ротаның тірек пунктін инжинерлік жасақталуы, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс пен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі бойынша сынақтарды тапсыру қарастырылған. Мотоатқыш және теңіз жаяу әскері роталарының оқу-жаттығуларын өткізу кезінде, оларға танк, артиллерия және қамтамасыз ету бөлімшелері беріледі. Бұлардың барлығуна рота командирі жеке тапсырма қойып, оларға басшылық етуіне байланысты, бұл рота-тактикалық тобы деп аталған.

Аталмыш оқу-жаттығуларды өткізуге арналған уақыттың 24 сағаты жауынгерлік ұрыстың динамикасын пысақтауға біріледі, оның ішінде 30% түнгі уақытта өткізуге бөлінген. Рота-тактикалық топтардың оқу жаттығулары 25 қаңтарда аяқталады.

763 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Мәскеуде Рүстем Әбдірашовтың «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің көрсетілімі өтті
Келесі мақала Алматы облысында жергілікті маңыздағы жолдарды салу мен жөндеуге жыл сайын 30 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінеді

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *