Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 25 Қаңтар, 2019

Атырау әкімі облыстағы жер телімдері бойынша ревизия жүргізуді тапсырды

Барлық аудан бойынша 2016-2018 жылдары мемлекет меншігіне ауылшаруашылығы үшін жалпы ауданы 48,9 мың гектар жер қайтарылды, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Қызылқоға ауданындағы ауылшаруашылығын дамыту мәселелері бойынша өткен көшпелі жиында облыс әкімі жер телімдерінің мақсатты пайдалану сауалын көтерді.

-Ауылшаруашылық жерлерін сол жерде жұмыс жасауға ынтасы бар азаматтар алу қажет. Жер бөлу бойынша ешқандай субъективті мәселе болмауы қажет. Сондай-ақ, бұл жерлер игерілмей, бос жатпау керек- жер алғаннан кейін адам өзіне орындауға міндетті белгілі бір жауапкершілік алады. Егер адам алған жерін талапқа сай пайдаланбаса бұл іспен айналысатын басқа шаруа табу керек. Бұл Елбасының тікелей тапсырмасы - "Жер телімдерін мақсатты түрде пайдалану керек". Өткен жылы біз мемлекет меншігіне 48,9 мың гектар жерді қайтардық. 2019 жылдың қаңтарында 12,5 мың гектар. Бұл жұмыс жалғасын табады, облыстағы барлық жер телімдері бойынша ревизия жүргізіледі. Берілген мүмкіндікті пайдаланбағандар кесірінен осы мүмкіндікке мұқтаж жандар зардап шегеді. Бұлай болмауы қажет,- деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

2018 жылдың көрсеткіші бойынша өңірде тұрғын үй үшін 111 764 адам кезекте тұр. Өткен жылы осы мақсатта 1177 гектар жер берілген.

731 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз