Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қаңтар, 2019

Атеросклероз бен жүрек, қан-тамыр ауруларының себебі ұйқының қанбауында

Күніне 6 сағаттан аз ұйықтайтын адамдарда 7-8 сағатын ұйқыда өткізетіндерге қарағанда жүрек, қан-тамыр ауруларының пайда болу қаупі бірнеше есе арта түседі. Мұндай қорытындыны АҚШ пен Испания ғалымдары жасады.

Олар жүргізген зерттеулерге 3974 испандық қатысқан. Қатысушылар зерттеу барысында ұйықтау мен сергектік мерзімінің ұзақтығын өлшейтін құрылғы  – актиграфпен жүрген. Еріктілерді түнгі ұйқыға жұмсайтын уақытқа байланысты  төрт топқа бөлген. Бұдан бөлек, ауруларды анықтау мақсатында  зерттеуге қатысқан адамдарға эхокардиография мен компьютерлік томография жасалған.

Нәтижесінде белгілі болғандай, алты сағаттан аз ұйықтағандарда атеросклероз дертінің туындау қаупі 7-8 уақыт ұйықтағандарға қарағанда 27 пайызға жоғары болған. Сондай-ақ, мазасыз ұйқы мен түн ішінде жиі ояну қан-тамыр ауруларының қаупін 34 пайызға арттырған. Дегенмен 8 сағаттан асатын тым ұзақ ұйқы да атеросклероз дертін тудыруы мүмкін деген болжам жасалды. Бір қызығы, аз ұйықтағандар кофе мен ішімдікті жиі қолданған. Ғалымдардың пікірінше, кофенің зияндылығы кейбір адамдарда оның баяу сіңірілуімен түсіндіріледі. Бұған дейін ғалымдар ұйқының қанбауы мезгілсіз өлімге әкелетінін анықтаған болатын.

 

1335 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз