Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қаңтар, 2019

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап, kazgazeta.kz.

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев, Қарағанды облысы Абай қаласында 1983 жылғы 16 қарашада дүниеге келген. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарында борышын өтеген. 2003-2009 жылдары - Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде дене шынықтыру оқытушысы және құқықтану мамандықтары бойынша білім алған. 2011-2014 жылдары тау-кен істерінің бакалаврі мамандығы бойынша ҚарМТУ-ін бітірген. 2014-2016 жылдары - Қазақ спорт және туризим академиясының академиялық педагогика ғылымының магистрі дәрежесін алған. 2014 жылы - «Болашақ» бағдарламасы бойынша спорт менеджері мамандығын алған. 2004-2014 жылдары - келісімшарт бойынша мерзімнен тыс әскери қызметте болған. 2010-2012 жылдары - «Қазақстанның бокс федерациясы» ФА ОЮЛ жаттықтырушы-оқытушы қызметін атқарған. 2013-2014 жылдары - «Қазақстанның бокс федерациясы» ФА ОЮЛ спорт жөніндегі директоры. 2005-2013 жылдары бокс жөніндегі Қазақстан Республикасының ұлттық командасының штаттында нұсқаушы-спортшы. 2014-2017 жылдары - ЖШС «Astana Arlans» КСК бас директоры. 2017 жылдың 28 ақпанынан - VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының мүшесі болған.

 

652 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз