Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 01 Ақпан, 2019

«Қазақ аруы» сұлулық байқауына кастинг жарияланды

«Қазақ аруы-2019» сұлулық байқауына кастинг жарияланғаны жөнінде продюсер, актриса Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Продюсердің мәлімдеуінше,«Қазақ аруы» байқауының кастингі 2-3 ақпан күндері Алматы қаласында «Самал» ықшамауданы, Қажымұқан көшесі, 49, «ZMOOD» мейрамxанасында, ал 8 ақпан күні Астана қаласы, Қадырғали Жалайыр көшесі 8, «The one hotel Astana» қонақ үйінде өткізіледі. Уақыты - 12:00-ден 18:00-ге дейін.

Байқаудың басты талаптары жайлы: "қазақ тілін жетік меңгеру, көрікті әрі келбетті, ақылды әрі дарынды болу, 16-22 жас аралығы, бойы 170 см-ден жоғары, салмақ 53 кг-нан төмен. Егер осы сипаттамаға сай болсаңыз, іске сәт! Байқау ұйымдастырушылары мен алтын тәж сізді күтуде» - делінген. Сонымен қатар, бұл байқауда қазақ халқының тарихы, әдебиеті мен салт-дәстүрі туралы да хабардар болу қажет. Бұл сұлулық байқауы болғандықтан, қатысушылар білімімен қатар сұлулығын да көрсете алуы керек.

«Қазақ аруы» Қазақстанда осымен тоғызыншы рет өтеді.

1962 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз