Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 04 Ақпан, 2019

Қаңтар айындағы доллар бағамы

2019 жылдың алғашқы айында теңге бағамы әдеттегідей құбылмалы болды. Жыл соңында 1 доллардың теңгеге шаққандағы құны – 385 болған еді.  Сарапшылар 2018 жылдың соңында егер мұнай бағасы төмендемесе, онда алғашқы жарты жылдықта  доллардың теңгеге шаққандағы құны 380 теңгеден аспайды деген болжам жасаған. Кейбір сарапшылар 360-400 теңге көлемінде болады деген болжам айтқан. Қалай дегенмен де, жылдың басында доллар құны 384 теңгеге дейін шарықтады. Алайда, 4 қаңтардан кейін доллар құны құлдырай бастады. Доллардың ең төменгі көрсеткіші –қаңтардың 9-ында 373,66 теңге болды. Бірақ доллар бұдан кейін қайта көтеріле бастайды. 15-қаңтарда ол – 378,29 теңгеге жетті. Ай соңына дейін осы деңгейді ұстап тұрған теңге, ай соңында – 380,66 теңгеге жетіп жығылды.

3544 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз