Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 04 Ақпан, 2019

МАҚТААРАЛДА ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының ресми ашылу салтанаты болып өтті. Жиынға аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, округ тұрғындары мен аппарат қызметкерлеріне деген ыстық ықыласын жеткізді.

«Ауданымызға қарасты Жамбыл ауылдық округінің жаңадан пайдалануға берілген әкімшілік ғимараты құтты болсын! Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі арқылы әрқайсысы 30 млн теңгеге салынған нысанның қаржысы жаңа әдістің арқасында 2 есе үнемделді. Біз мұндай әдіс арқылы басқа да ауылдық округ әкімдіктеріне ғимарат салып беруді көздеп отырмыз. Сондықтан, бүгінгі қуаныштарыңызбен құттықтай отырып, осы нысанда округтің әл-ауқатын көтеру үшін аянбай қызмет етесіздер деген ойдамын» - деді Бақыт Насырханұлы.

Бұған дейін мұндай әдіспен Достық ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты салынып берген болатын. Жалпы құрылыс нысандарының құжаттарын дайындау мерзіміне 6 айдан аса уақыт керек болса, жаңа әдіс арқылы құжаттар 1 айда дайын болды. Сонымен қатар, құрылыстың жүргізілуіне бұған дейін 16 ай қажет болса, жаңа әдіс арқылы 6 айда құрылыс нысаны аяқталды.

Жаңа нысанның ішін аралап көрген аудан басшысы құрылыс сапасына оң баға беріп, аппарат қызметкерлерін құттықтады. Сондай-ақ, округ әкімін орнына жайғастырып, жаңа ғимаратта жаңа қарқынмен қызмет ету керектігін еске салды.

1085 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз