Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Ақпан, 2019

Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Марат Сембеков Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Марат Сембеков Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Марат Сембеков қала әкімінің орынбасары лауазымында кіші және орта бизнесті қолдау, инвестиция тарту, тұрғын үй саясаты, Алматының энерготиімділігі және инфрақұрылымдық дамуы мәселелеріне басшылық жасайды.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде бастаған.

Бұған дейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрілігінде, премьер-министрдің Кеңсесінде, республикалық бюжеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде жұмыс істеген.

2010-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі басшысының орынбасары болған.

2015 жылдан 2019 жыл ішінде Алматы қаласы әкімі аппарат басшысы қызметін атқарған. Өз кезегінде бұған дейін қала әкімінің орынбасары болған Алмас Мәдиев директорлар кеңесінің шешімімен "Алматы" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

397 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз