Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Білім & ғылым
  • 07 Ақпан, 2019

Назарбаев Университетінде «КAMAZ Neo» роботтандырылған автомобилін құрастыру жобасы басталды

"Назарбаев Университеті" ДБҰ (Қазақстан), «ВИСТ Групп» АҚ (Ресей, «Цифра» компаниялар тобы) және «КАМАЗ» КАҚ-мен бірлесіп Камаз Neo жүк тракторы негізінде роботтандырылған автомобиль құрастыру бойынша жобаға жұмысқа кірісті, - деп хабарлайды kazgazeta.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компьютерлік көру көмегімен автомобиль түрлі нысандарды таниды - адамдарды, жануарларды, жол тосқауылдарын, конустарды және өз бетімен осы тосқауылдардың айналып өту жолын ескере жүріп, бағытты қайта есептейді. Жүк автомобилдердің класта роботтарды әзірлеу басқа өнеркәсіп салаларда қолдануға мүмкіндік береді.

«Жобаның шеңберінде KAMAZ 5490 Neo шасси негізінде роботтандырылған автомобиль үшін компьютерлік көру модулі әзірленетін болады, бағдарламалық-аппараттық кешененің бейімделу жүргізілді, сондай-ақ «КАМАЗ шасси негізінде роботтандырылған автомобиль үшін автоматты жоспарлау және жолдағы кедергілерді ескере отырып траектория бойынша жүру жүйесі» әзірленген және интегралданған», - VIST Group тарапынан жобаның жетекшісі Артем Федотов түсіндірме жасады.

«Біз «Камаз Neo» адамсыз автомобилін жүргізу үшін компьютерлік көру модульдерін бейімдеу және жетілдіру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бізге қажетті қосымша жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынатын VIST Group мамандарымен бірге біз жобаны бастадық, яғни бұл софтқа автомобиль траекториясын жоспарлау фукнциясын енгізу, автомобиль басқару командаларын тұдыру, кедергілерді анықтау және тану жөнiндегi жұмыс», - Назарбаев Университетінің жоба жетекшісі, «NLA» ЖМ-ның аға ғылыми қызметкері Жандос Есенбаев жұмыстың барысымен бөлісті.

Жоба бойынша жұмыс аяқталуы 2019 жылдың қыркүйегінде жоспарланған.

965 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз