Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мәдениет
  • 07 Ақпан, 2019

Мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдығына орай «Нұр сәулесін шашқан жұлдыз» шарасы өтті

Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Мемлекет және қоғам  қайраткері Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдығына орай «Нұр сәулесін шашқан жұлдыз» атты еске алу шарасы өтті. Бұл туралы Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Сұлтанбек Қожановтың ел мүддесі жолындағы азаматтығы асқақ дара жолын насихаттай отырып, ұрпақ бойына патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шара тұлғаның рухына тағзым етіп, ескерткішіне  гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды. Жиынға қатысқан Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі мүшелері мен зиялы қауым өкілдері және мәдениет қызметкерлері мен мектеп оқушылары  Сұлтанбек Қожанов жайлы бейнематериалды тамашалап, есімі ерекше әріппен қалған ел құрметтісі жайлы тың деректер тыңдады. Ақын,  жазушы  Н.Назаров,  тарих ғылымдарының кандидаты З.Жандарбек, тарих ғылымдарының докторы Тұрсын Хазіретәлі, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, еңбек ардагері,  С.Қожановты зерттеуші Б.Мұсабековтер естеліктерімен бөліссе, ақын – Зейнолла Еркебалаев пен жас ақындар С.Қожановқа арнаған туындыларын оқыды. Ұлт-азаттық қозғалысы мен Алаш үкіметін құру кезеңдерде қазақтан көптеген ұлттық күрескерлер, жолбасшылар шыққаны белгілі. Халқымыздың нағыз қамқоршысы болған Сұлтанбек Қожанов Тәшкенде, Мәскеуде қызметте болғанда оқу іздеген қазақ жастарына көмектескен. Ұлы тұлғаның мемлекеттік ірі шаруаларымен бірге адамгершілік, достық, парасаттылықтың ізгі қасиеттері болғандығы бүгінгі ұрпаққа үлгі - өнеге. Биылғы жыл Мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдығы. Осы айтулы мерейтой бүгін облыс орталығы – Түркістанда әрі қарай да жалғасын табады.

1259 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала «Музейге сый – ұрпаққа аманат» көрмесі өтті
Келесі мақала Астанада «Қыз бен теңіз» әлеуметтік фильмінің тұсаукесері өтті

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *