Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Ақпан, 2019

Мадина Әбілқасымова: Ұсыныстардың барлығын жұмыс тобы аясында шешуге тырысамыз

Бүгін Астанада өткен Үкімет отырысынан Мадина Әбілқасымоваға   отставкаға кету жайлы сауалдар қойылды. Министр БАҚ өкілдерне алдағы уақытта сыннан қорытынды шығаратындығын айтты.

"Біздің министрлік сынға ұшырады, себебі біз көптеген қиын мәселемен айналысамыз. Осы сынның барлығын ескере отырып, біз қажетті шараларды қабылдауға тырысамыз", - деді министр. М. Әбілқасымова министрлікке көпбалалы аналар өтініштер мен ұсыныстарын айтып келіп жатқанын жеткізді.

 "Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, келіп жатқан барлық ұсыныстарды жинап жатырмыз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму  министрлігі сол арқылы арнайы есебін шығаруда. Барлық талаптарды жинаудамыз. Атқарушы органдарға ғана емес біздің министрлікке де көпбала аналар келіп жатыр. Бүгін де кездесу болады. Ұсыныстардың барлығын жұмыс тобы аясында шешуге тырысамыз",- деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

1158 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз