Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Ақпан, 2019

ТЖД Алматыдағы қар көшкініне байланысты ескерту жасады

Алматы тауларында жасанды қар көшкіні жүргізілді, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі. Осыған дейін қалалық ТЖД Үлкен және кіші Алматы шатқалдарында қардың көп түсуіне байланысты профилактикалық қар көшкіні жоспарланғанын хабарлаған болатын. Толассыз қар жаууына байланысты жасанды қар көшкінін жүргізу кейінге қалдырылған. Бүгін Медеу, Бутаковка автожолдарында, Экопосттан жоғары 3 мәрте қар көшкіні жіберілді. Екі жолды 200 және 600 текше метр қар басып қалды. Оны тазалауға «Қазселденқорғау» ММ 5 техникасы мен 9 қызметкері жұмылдырылды. ТЖД өкілдері алматылықтар мен қонақтарға таулы аймаққа серуенге шықпауға кеңес береді.

 

604 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз