Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Білім & ғылым
  • 14 Ақпан, 2019

Сенаторлар ғалымдар және кәсіпкерлермен кездесті

Парламент Сенатының бір топ депутаттары «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының грантымен қаржыландыру аясында өз жаңалықтарын коммерцияландыратын ғалымдар және кәсіпкерлермен кездесті, - деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында «Ғылым және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заңды іске асыру нәтижелері талқыланды. Жиында Білім және ғылым министрлігінің, «Ғылым қоры» АҚ өкілдері және ғылыми-техникалық қызмет қорытындыларын гранттық қаржыландыру арқылы коммерцияландыру бойынша жобаларын іске асырып келе жатқан ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысты.

Қазіргі уақытта Ғылым қоры кәсіпорынның технологиялық міндеттері мен коммерцияландыру үшін әлеуеті жоғары ғылыми жаңалықтар туралы ақпаратты жинақтап отыр. Ғылым қоры бұл тұрғыда технологиялық жаңалық табушылар мен олардың әлеуетті тұтынушылары арасында ынтымақтастық орнатуға көмек көрсетуде.

Кездесу барысында Сенат депутаттарына Ғылым қоры қолдап отырған ғылыми қызмет қорытындыларын коммерцияландыру жобаларын іске асыру нәтижелері ұсынылды. Бүгінгі күні жүзеге асып отырған 153 жобаның 23-і өндіріс кезеңіне өтті және өнімді сатудан түскен табыс 852 миллион теңгеден асты.

Сенатор Б.Әйтімова кездесуде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет қорытындыларын коммерцияландыру саласындағы заңнама базасын одан әрі жетілдіру қажеттігі туралы атап өтті.

Депутат А.Бейсенбаев ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыру бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру және жас ғалымдардың жобасын белсенді қолдау қажеттігі туралы ұсыныс айтты. Одан басқа, қазіргі кезде елімізде отандық жаңашылдарға өз өнімдерін экспортқа шығуға мүмкіндік беретін бизнес-ғылым-мемлекет – тұғырнамасы жасалғаны атап өтілді.

Кездесу нәтижесі бойынша 2015 жылы қабылданған «Ғылым және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заң ғылым мен бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашатыны айтылды. Елімізде ғылыми қызмет қорытындыларын коммерцияландыру жүйесі қалыптасып, оң нәтиже беріп отыр және болашақта экономика саласындағы білімді қалыптастыруға оң ықпал ететін болады.

692 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз