Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Ақпан, 2019

«Мұзбалақ» анимациялық фильмі ресейлік кинофестивальге қатысып отыр

Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының толықметрлі анимациялық "Мұзбалақ" атты картинасы XVII Халықаралық "Дух огня" («От рухы») атты дебюттік фильмдер кинофестивалінің, жасөспірімдер мен балаларға арналған туындылары «Твое кино» («Сенің киноң») конкурстық бағдарламасына қатысып, бақ сынамақ, - деп хабарлайды Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі. 
Фестиваль Ресей Федерациясының Ханты-Мансийск қаласында наурыздың 1 мен 6 аралығында өтеді.  Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.
 Авторлар «Мұзбалақ» атты анимациялық фильмі арқылы тарих қойнауына еніп, жоғалып бара жатқан,  қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан саятшылық мәдениетін көрсету арқылы, адаммен бүркіт арасындағы сенім негізіне құралған достықты жас ұрпақ санасына сіңіруді көздейді.
- Бұл фестиваль көптен бері өткізіліп келеді. Алайда, анимациялық фильм алғаш рет қатысып отыр. Ал бұл туынды біздің «Қазақфильм» киностудиясының мультфильмі екені екі есе қуантады. Фестивальдің атының өзі – «От рухы» - түркі әлеміне өте жақын таным. Сондықтан да біз «Мұзбалақ» мультфильмі жүлдесіз қалмайды деп сенеміз», - деп мәлімдеді картинаның сценарий авторларының бірі әрі қоюшы-режиссері Адай Әбілдинов.

1129 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз