Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Ақпан, 2019

ЕҚЫҰ Қазақстанда адам саудасына қарсы әрекет ету бойынша судьяларды оқытуға қолдау білдіреді

2019 жылғы 21 ақпанда Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен адам саудасына қарсы күрес жүргізу жөнінде заңнамалық негіздер мен соттық практика бойынша бір күндік семинар өтті. Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі хабарлайды. 

Семинарға Қазақстанның 14 облысынан келген 25-ке жуық судья қатысты. Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Сот төрелігі академиясы, Жоғарғы сот пен Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшілігімен ынтымақтастықта ұйымдастырды.

Ұлттық сарапшылар адам саудасының құрбандарына көрсетілетін сот қорғанысын жетілдіру мақсатындағы қолданыстағы ұлттық заңнама мен халықаралық құқықтық құралдардың қолданылу тәсілдерін ұсынды.

Қатысушылар адам саудасы жөніндегі істер бойынша сотта дәлелдемелер ұсынудың көкейкесті мәселелерін қарастырып, адам саудасы құрбандарын анықтау үшін сот тәжірибесінде қолданылатын тенденциялар мен тәжірибелерді, сондай-ақ адам саудасы құрбандарын қайта бағыттаудың халықаралық механизмдерін талқылады.

Іс-шара ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елдегі адам саудасымен күресу жолында және ЕҚЫҰ адам саудасымен күресу бойынша Іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыруға қолдау көрсету бойынша көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.

1214 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз