Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Ақпан, 2019

«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРІ ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУІ

Құрметті құрбы-құрдастар!!!

Президент Жарлығымен 2019 жылдың «Жастар жылы» болып жариялануы бізге керемет мүмкіндіктер сыйлады.

Бұл – маңызды оқиға, біз үшін үлкен қуаныш. Елбасы Н.Ә.Назарбаев сыйлаған «Жастар жылы» – жаңа буынға арналған тұғыры биік ерекше мәртебе.

Қазіргі дәуір – біздіңуақыт!

Біз, Ұла даланың еркін ұлдары мен қыздары, тәуелсіз еліміздің патриоттары ретінде Отанымыздың өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне бір кісідей үлес қосуды және Елбасы ұсынысын жүзеге асыруды азаматтық борыш, перзенттік парыздеп білеміз!

Біз – Алтайдан Атырауға дейінгі Ұлы даланы мекен еткен бабалар үнінің, тұлпарлар дүбірінің жалғасымыз! Ата дәстүріне табандылық, ана сүтіне адалдық танытқан тектілік пен естілікті, ірілік пен  кісілікті мұра еткен саналы ұрпақ өкіліміз!

Басты мұратымыз –Ұлт көшбасшысы артқан үмітті ақтау, тәуелсіздігімізді тұғырлы, мемлекеттігімізді ғұмырлы етуге бар күш-жігерімізбен, ақыл-қайратымызбен ел мүддесіне еңбек ету.

Құрметті замандастар!

Біз «Студент құрылыс жасақтарын» құрып, Түркістанды түлетуге, ауыл-елді абаттандыруға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық танытуға, қазыналы қарттарымыз бен тағдыр тәлкегіне түскен бүлдіршіндерге мейірім шуағын төгуге бел байладық!

Біз, тарихы терең, алтын алқапты Жетісайда орналасқан «Сырдария» университетінің студент жастары, Сіздерді Жастар  жылында туған жерді, өскен өлкемізді көркейтуге, өз ісімізбен үлгі көрсетугешақырамыз!

Жастар қолға алса бағынбайтын шың, орындалмайтын арман жоқ!

Жолың болсын, жас қыран!!!

1515 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз