Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Ақпан, 2019

Алматының әлеуметтік әл-ауқат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Алматыда әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы болып Рахат Шимашева тағайындалды, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Рахат Шимашева соңғы екі жылда тілдерді дамыту басқармасын басқарған болатын. Еңбек жолын Алматы қаласының №62 орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Әртүрлі жылдары қаланың білім жүйесінде еңбек етті. Алматы қаласының Білім басқармасын бірнеше жыл басқарды.  Жаңа басшының алдына жұмыссыздықты азайту, әлеуметтік лифтілерді құру, ерекше қажеттілікке зәру жандарға кедергісіз кеңістік қалыптастыру туралы нақты міндеттер қойылды.

 

696 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз