Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Ақпан, 2019

Аминка Витаминка Nickelodeon - Kids Choice Award -2019 балалар премиясына үміткер

Бүгінде көрермендердің жүрегін жаулап үлгерген кішкентей блогер бүлдіршін Әмина Малғаждар интернет қолданушыларының арасында Аминка Витаминка есімімен жақсы таныс. Жақында ол Nickelodeon - Kids Choice Award -2019 балалар премиясы үміткерлерінің қатарына енді.

Әминаның қарсыластары Настя Тропицель, Ева Миллер және Viki Show болмақ. Қазіргі таңда әкесінің қызмет бабына байланысты Мәскеуде тұрып жатқан қыздың отбасына хабарласып, мән-жайды толығырақ сұрастырған едік. -Аминка Витаминканы үміткерлер қатарына қалай қабылдады? - Біз бұл премияға үміткер боламыз деп ойлаған жоқпыз. Өздері бізді тауып алды. Ресейлік Nickelodeon-нан хабарласып, Аминка Витаминканы осындай премияға үміткер ретінде тіркейтіндерін айтты. Біз келісім бердік. Жеңімпаздар қашан және қалай анықталады? - Ресми марапаттау Американың Лос-Анжелес қаласында өтеді екен. Ресейлік үміткерлерді осы жерде марапаттайды. Ал, жеңімпаздар арнайы сайтта дауыс беру арқылы анықталады. Сол себепті де біз Отандастарымыздан қызыма қолдау көрсетіп, дауыс берулерін сұраймыз. Өйткені, оның негізгі жанкүйерлері өзінің туған елінде деп білемін. Сондықтан Аминкаға дауыс беріңіздер, достар! Біз сіздердің сенімдеріңізден шығамыз деген үміттеміз! – дейді блогердің анасы Арай Малғаждар. Аминка Витаминканың Youtube желісіндегі жеке арнасы 2015 жылдан бастап ашылған. Оған ата-анасы қыздарының үйдегі күнделікті қызықты оқиғаларын салып отырған. Балаларының балалық тәтті шақтарынан естеліктерді сақтап қалуды мақсат еткен ата-анасы бастапқыда жазылушылар қатарын арттырып, танымал болуды көздемеген. Дегенмен, уақыт өз дегенін істеді. Көпшіліктің көңілінен шыққан бейнероликтер Әминаны бірден кішкентай жұлдызға айналдырды. Бүгінде Аминка Витаминканың арнасына жазылушылар саны 3 миллионға жуықтады. Аминка Витаминка а киноға, сондай-ақ, түрлі тележобаларға түскен. Анасы олар көрші мемлекетте уақытша тұрып жатқанын, түбі елге оралатындықтарын айтады. Аминка Витаминкаға дауыс беру үшін https://kca.nickelodeon.ru/vote/xphd9q/vote сілтемесіне өту қажет. Отандасымызға қолдау білдірейік, ағайын!

Гауһар Түстікбаева

«Қазақ газеттері» ЖШС

1193 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз