Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Наурыз, 2019

Данияр Ақышев ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Данияр Талғатұлы Ақышев ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Данияр Ақышев 1976 жылы туған. Ол Алматы қаласының тумасы. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі, мамандығы - экономист. Әр жылдары Орталық Азия қор биржасының жетекші экономисі болып жұмыс істеді. Республика ұлттық банкінің зерттеу және статистика департаментінде әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Ұлттық Банктің зерттеу және статистика департаментінің директоры қызметін атқарды. 2007-2014 жылдар аралығында Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды. Содан кейін Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болды. 2015 жылғы 24 тамыздан бастап ел Президентінің көмекшісі міндетін уақытша атқарды. Ұлттық банк төрағасы қызметінде 2015 жылы 2 қарашадан бастап жұмыс істеді. Оған дейін бұл қызметті Қайрат Келімбетов атқарды. Айта кетерлігі, бұғандейін Данияр Ақышев Ұлттық банк төрағасы қызметінен  отставкаға кеткен болатын. Оның орнына Ерболат Досаев келген еді.

658 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз