Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Білім & ғылым
  • 12 Наурыз, 2019

ZERDE ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ ШОУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

10 наурыз күні «Хабар» телеарнасында «ZERDE» зияткерлік ойынының финалы өтті. Бірінші маусымның жеңімпазы Алматы қаласының тұрғыны 28 жастағы инженер Марат Қылышбаев. Ол хрусталь кубокқа және «ең ақылды» деген атаққа ие болды. Бұл туралы "Хабар" Агенттігі" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

«Жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын, алайда ойынға қатысудағы басты мақсатым жеңу емес, өзімнің білімімді тексеру болатын. Мен өзім білетін тақырыптарды таңдадым, ал екінші кезеңде маған таныс салалардан сұрақтар келді. Сондықтан өзімді өзге қатысушылардан мықтымын деп санамаймын, жолым болды деп ойлаймын. Ойынның ұйымдастыру деңгейі жоғары, қойылған сұрақтар жүйелі болды. Қазақстандық телевизияда осындай жобалар көбірек болса екен»,-дейді Марат Қылышбаев.

Марат ойын туралы әлеуметтік желілерден көріп, анкета толтырған. Солай іріктеу кезеңінен өтіп, ойынға қатысады.

Zerde – ВВС арнасының бүкіл әлемдік Mastermind жобасының еліміздегі аналогы. Британдық үлгіде құрылған бағдарлама өткен ғасырдың 70 жылдары эфирге шыққан. Осы уақыт аралығында білім мен ғылымға негізделген телевизиялық өнім Жаңа Зеландия, Үндістан, Ресей сыңды мемлекеттердің көрермендеріне кең танылған. Шоудың шығарушысы Билл Райт Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Гестапо тергеуіне түсіп, кейін өзінің тәжірбиесін шоуға пайдаланады.

Жобаның алғашқы маусымы «Хабар» телеарнасында күзгі маусымда басталған еді. Бағдарламаға білімін сынау үшін 64 адам келген. Ереже бойынша ойын екі раундтан тұрады, әр бағдарламаға төрт адам қатысады. Олар кезекпен ортаға шығып, өзі таңдаған сала бойынша екі минуттың ішінде неғұрлым көбірек сауалға жауап беруі тиіс. Екінші кезеңде қатысушылар әртүрлі салаға қатысты сауалдарға жауап береді. Жеңімпаз жартылай финал, кейін финалға өтеді. Осы уақыт аралығында 16 рет іріктеу кезеңі, 4 жартылай финал және финал өтті.

616 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз