Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Наурыз, 2019

Қазақстандық кәсіпкерлерге Қытай нарығына жол ашылды

Қорғас ШСХО аумағында  ашылған  аумағы 6500 шаршы метрді құрайтын Qaz Luimiere сауда орталығы Қазақстандық кәсіпкерлердің Қытай нарығына шығуына үлкен мүмкіндік беріп отыр. Айта кету керек, кәсіпкерлер бұл нарыққа келмес бұрын өз мүмкіндіктерін сынап көру үшін Қазақстан-Қытай жәрмеңкесі өтетін болады.  Шара мамыр айының 1-15 аралығына жоспарланған. Кәсіпкерлер өз тауарларын тегін сатылымға шығара алады. «Біздің жәрмеңке өткізудегі мақсатымыз  кәсіпкерлер Қорғас аумағының мүмкіндіктерін өз көзімен көрсе дейміз. Бұл біздің орталығымыз. Алдағы уақытта біз  Қытай тарапынан жарнама тартып, орталыққа клиенттердің көбірек болуы қамтамасыз ететін боламыз. Кәсіпкерлер тек тауарларын жеткізу үшін шығындалатын болады. Жалға алушылардың әрқайсымен жеке-дара сөйлесіп, жалдау аумағына қатысты баға бекітеміз. Алғашында жеңілдіктер болады. Біз қазақтандық өндіруші мекемелерді серіктестікке шақырамыз»- дейді Qaz Luimiere сауда орталығының атқарушы директоры  Нариман Зәкіриянов. Оның айтуынша, еркін сауда аймағындағы бұл сауда базасы кәсіпкерлерге салықсыз сауда жасауға мүмкіндік береді. Көрмеге Қазақстан, ТМД елдері мен жақын шетелдердің өкілдері де қатыса алады. Сатуға болатын тауарлар ішімдік және темекі өнімдері, киім-кешек, аяқ-киім, кондитерлік өнімдері, құрғақ сүт, жиһаз секілді заттар сатуға болады. Ал тыйым салынған тауарлар:  балық, жұмыртқа, шұжық, сүт өнімдері, алтын.

599 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз