Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 15 Наурыз, 2019

Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі

Елімізде тұрақты тұрде Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаhандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингісі, атап айтсақ, даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі индикаторы бойынша Қазақстанның позициясын жақсарту жұмыстары жұргізіп келеді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы аралық соттар мен төрешілердің шішімдеріне шағым түсіруге және оны орындауға қатысты істер мен материалдарды қарастырудың сот тәжірибесіне талдау негізінен аралық соттар шешімдерінің күшін жою  бойынша келіп түскен талап-арыздарды соттардың қанағаттандыратының 99%-тен астамы көрсетті Бұл өз кезегінде аталған институт шешімдерінің сапасы орташа дәрежеде екендігің дәлелдейді. Қазақстандағы институционалдық реформалар жоғарыда айтылғандардың негізінде төреліктігі даулардын онтайлы шешілуін арттыру үшін елімізде Төрелік туралы Зан қабылданды.Бұл зан жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес төрелікті дамытуға бағыттылған. Ведомстволық бағыныстылық даулардың қандай да бір шектеусіз бір акт шеңберінде төреліктін қызметін реттейтін мұндай әдіс-тәсілдер алыс шет елдердің заңнама тәжірибесенде де кездеседі. Қазақстанға қатысты заң нормалары көрсеткендей, халықаралық элементтін болуына қарамастан, дауларды карастыратын бірыңғай институт ретінде төреліктің қызметін құқықтық реттеу тәсілі тандалған Бұған қоса заңды төреліктің  ережелері аралық соттардың щектеулерін алу арқылы тенестірілгені. Мәселен  ҚР-ның Аралық соттар аралық Заңында (күшін жойған) қарастырылған аралық сот шешімінің күшін жоюдың  негіздемесі ретінде заңдылық қағидаты алынып тасталды.

 Аталған  қағидатқа сәйкес олардың заңдылығы тұрғысынан құзыретті сотқа аралық соттын шешімдерін қайта қарау жөніңде өкілеттіліктер берілді. Мұндай тәжірибе халықаралық стандарттарға қайшы келеді. Мәселен 1958 жылы Нью- Йорк қаласында жасалған шетелдік төрелік шешімдерді тану және атқару туралы, сондай-ақ 1961 жылғы   Сыртқы сауда төрелігі туралы Еуропа Конвенцияларына сәйкес төреліктің шешімдері түпкіліқті болып табылады және мемлекетік соттардын іс жүзіңде мұндай шешімдерді қайта қарау міндетіне кірмейді. Осыған орай төреліктін шешімі бұқаралық тәртіпті (аталған шешімді тану және жүзеге асыруды мойындайтын елдін құқықтық жүйесіндегі негізгі қағидаттарымен)  даулар мен қайшылықтарды қарастырудың процессуалдық тәртібін сақтамау себебінен күшін жоюы мүмкін. Сонымен бірге төрелік  палата туралы занда  тараптардын төреліктін шешіміне келіспеушілігі туындаған жағдайда төрешілерді (төрешіні) тағайындау және олардың өкілеттігін тоқтату міндеттері соттың міндетіне берілген. Бұл ереже дауларды шешудің баламалы тәсілі ретінде төреліктін қызметін күшейтуге және мемлекеттік соттардың жүктемесін азайтуға бағытталған. Осыған орай занды талап арызды қамтамасыз ету, айғақтарды алуға қолдау корсету, төрелік шешідердің күшін жою сондай-ақ, оларды тану және  мәжбүрлеп орындату бөлігінде соттың төрелік іс қарауға қатысуы шектелген. Заң даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділінін арттыруға бағытталған. Ал бұл халықаралық аренада елдің он имиджін қалыптастыруға және қолайлы инвестициялық климен құруға жол ашады.

Заңнаманың тиімділігінен және оны қолданудан құқықтық мемлекетке қажет құбылыс болып табылған заңдылық, құқықтық мәдениет пен құқықтық сана сияқты мемлекеттегі барлық құқық тәртіптілік тәуелді болып табылады. Заңнаманың тиімділігін көтеру үшін ЖБИ ДЭФ-гі беделдегі көзқарасты жақсарту мақсатында жоғары көрсеткіштерді ғана емес, сонымен қатар, адам құқығын одан да тиімді қамтамасыз ету  үшін кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Даулы сұрақтарды реттеу мақсатында  «Медиация туралы» заң әрекет етеді, оған сәйкес азаматтар дауды сотқа дейін келісім арқылы шеше алады, бұл өз кезегінде азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдейді.  Жеке және (немесе) заңдытұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және де өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онш аауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы қылмыстық терісқылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады. Медиация рәсімі келесіге қолданылмайды:

-           мұндайдаулар (жанжалдар) медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекеткеқабілетсіз не әрекеткеқабілеті шектеулі деп таныған адамдардың мүдделерін козғаса немесе қозғауы мүмкін болса, медиация рәсімі қолданылмайды.

-           тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқы ққатынастарынан туындайтын дауларға (дау-шараларға) медиация рәсімі қолданылмайды.

-           сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.

Екі тараптың да қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтағаны жағдайында мемлекеттік орган мен кәсіпкерлік субъектілері арасында келіспеушіліктердің орын  алмайтынын ескеруіміз қажет.

     Алматы қаласы Алатау аудандық

Әділет басқармасы

 басшысының м.а.

 Құндыз Рысмаханова

 

1620 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз