Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Наурыз, 2019

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды. Лауазымды қызметті енді Мейіржан Мырзалиев атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап, kazgazeta.kz.

Мейіржан Иябайұлы 1980 жылы туған. Білімі жоғары, Қазақ Мемлекеттік Заң Университеті (1998-2002) заңгер, Ломоносов ат. Мәскеу  Мемлекеттік Университеті (2005-2006) экономист, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы (2010-2011), Дьюк Университеті (АҚШ, Дарем 2014-2016) - халықаралық саясат магистрі.  Еңбек жолын Алматы қаласы әкімдігінде құрылыс басқармасының бас маманы (2003-2005) болып бастап, Заң және әкімшілік бөлімінің бастығы (2005-2007) қызметін атқарған. Кейіннен ҚР Премьер-Министр кеңсесінде Индустриалдық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы (2008-2009);  Бизнес-орта және инновация секторының меңгерушісі (2009-2011); Мемлекеттік реттеу секторының меңгерушісі (2011-2013) қызметін атқарған. Дүниежүзілік банктің халықаралық қаржылық копорациясында (IFC) (Вашингтон, АҚШ), Ауыл шаруашылығындағы бизнесті дамыту бойынша іс-тәжірибеден өткен. ҚР Премьер-Министр кеңсесінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының кеңесшісі (2016), Премьер-Министрдің кеңесшісі (2017), 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.  Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Үйленген, 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.

 

715 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз