Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Наурыз, 2019

Элизабет Тұрсынбаева Қазақстан үшін тарихи медаль жеңіп алды

Элизабет Тұрсынбаева Сайтамеде (Жапония) өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Olympic.kz. Ол әлем чемпионатында подиумға көтерілген қазақстандық ретінде тарихқа енді. Тұрсынбаеваның жалпы ұпайы 224.76 болды. Алтын медальді ресейлік Алина Загитова иеленді. Оның ұпай саны 237.50. Қола медальді тағы бір ресейлік спортшы Евгения Медведева жеңіп алды. Оның ұпайы 223.80.  Еркін бағдарламада Тұрсынбаева ешбір қателіксіз төтрттік сальхов әдісін орындады. Ол әдіс тарихи сәт болды. Осыған дейін бұл әдісті әлемде ешкім жасамаған. Төрешілер Тұрсынбаеваның көрсеткен өнеріне 148.80 ұпай қойды. Осы ұпайдың арқасында ол күміс иеленді. "Бұл жылы ол ресейлік жаттықтырушы Этери Тутберидзенің қол астына өтіп басқа деңгейге көтерілді. Мен оны қазір танымай қалдым. Ол секірулерді басқаша жасайтын болды. Оның шеберлігі өсті. Негізі ол басқа жерге кетіп қалған, бірақ қайтадан оралып қазір осы жерде жаттығады", - деді КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Татьяна Тарасова. Осыған дейін спортшы қыз орындаған қысқа бағдарламасы да тарихқа енді. Ол алғаш рет аралық үшінші орынды иеленді, ол тек жапондық Каори Сакамото мен ресейлік Алина Загитованы алдыға жіберіп қойды. Осыған дейін мұндай дәрежеге біздің спортшылар жетпеген. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы спортшының жеңіп алған екінші орынын тарихи сәт деп мәлімдеді. "Біздің Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында екінші орынды иеленді. Бұл өте қуанышты жағдай! Әлем чемпионатында ол ересектердің арасында төрттік сальхов әдісін орындады. Жеткен жеңісіне құттықтаймын, оның ата-анасы мен жаттықтырушыларын да құттықтағым келеді. Бүкіл қазақстандықтарды осы таңғаларлық жеңіспен сүйіншілеймін. Біз өте қуаныштымыз!", - деп жазған Мұхамедиұлы өзінің Facebook парақшасында. Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

1066 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз