Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Наурыз, 2019

Абдулла Гүл Нұрсұлтан Назарбаевты Наурыз мейрамымен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Абдулла Гүл Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі беделді саясаткер әрі тәуелсіз Қазақстанның егемендігін бекемдеп, аймақтағы көшбасшы ел ретінде қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан мемлекет қайраткері екендігін атап өтті. А.Гүл Елбасына зор денсаулық және алдағы қызметіне табыс тіледі. Н.Назарбаев пен А.Гүл бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады. Телефон арқылы сөйлесуге түрік жағы бастамашы болды. Дереккөз: inform.kz

1396 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз