- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 26 Наурыз, 2019
Жол апатынан 25 адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі елордадағы жантүршігерлік жол апатынан қанша адам зардап шеккенін мәлім етті.
«Жол-көлік апаты сағат 9:14-дер кезінде болды. Алдын ала мәлімет бойынша 25 адам зардап шекті», - деді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева. Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада автобустар апатынын екі адам көз жұмды. «Астана LRT» мәліметі бойынша қаза болғандардың бірі - бірінші болып соқтығысқан автобус жүргізушісі. 26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің қақтығысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Қала маңы бағдарындағы № 303 автобус № 12 бағдардағы жолаушылар автобусымен соқтығысты. Осының екпінімен олар № 53 автобусқа және жедел жәрдем көліген барып соғылды.
Дереккөз: inform.kz

535 рет
көрсетілді0
пікір
Алдыңғы мақала
Ғалымжан Қойшыбаев жаңа қызметке тағайындалды
Келесі мақала
Биыл елімізде 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *