Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Наурыз, 2019

Жоспарда қосымша шығын жоқ

ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов елорданың атауын өзгертуге қаражатты қайдан іздейтінін мәлімдеді.
"Мемлекеттік органдарға қатысты, яғни Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан ғимараттардың сыртында ілінетін тақтайшаларды ауыстыруға қаражат жыл сайынғы мемлекеттік органдарды қаржыландырудан алынады. Бланкалық өнімдерге келетін болсақ, біздің мемлекеттік органдар электронды құжат айналымына көшті, сол себепті құжаттарды шығаруға айтарлықтай қаражат жұмсалмайды. Бұл шығындар бар қаражаттың аясында іске асырылатын болады", - деді Смайылов үкіметте өткен баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ, ол нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге қосымша шығындар қажет еместігін атап өтті. "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін маңдайшаларға келер болсақ, олар жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Мен кеше қала әкімімен сөйлестім. Жалпы, ескірген маңдайшалар мен көрсеткіштерді ауыстыруға жергілікті бюджетте жыл сайын 40 миллион теңге қарастырылған. Олар қандай да бір қосымша қаражат бөлуді жоспарлап отырған жоқ", - деді Смайылов. Tengrinews.kz

1762 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз