Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 02 Сәуір, 2019

Месси әлемдегі ең жоғары еңбекақы алатын футболшы

"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси әлемдегі ең жоғары еңбекақы алатын футболшы. Бұ туралы "Р-Спорт" порталы France Football басылымына сілтеме жасап хабарлады. Басылым мәліметінше, аргентиналықтың табысы жылына 130 миллион еуро.

Рейтингте екінші "Ювентус" форварды португалиялық Криштиану Роналду  - 113 миллион еуро. Үшінші ПСЖ ойыншысы, бразилиялық Неймар - 91,5 миллион, төртінші - "Атлетикодағы" француз Антуан Гризманн (44 миллион), ал бесінші - валлиялық Гарет Бейл, "Реала" сапында (40,2 миллион). Ең жоғары айлық алатын бапкер де аргентиналық - Диего Симеоне, мадридтік "Атлетиконы" жаттықтырады - 41 миллион еуро. Екінші "Манчестер Юнайтедтен" кеткен португалиялық Жозе Моуринью (31 миллион), үшінші - "Монакодағы" қызметін босатқан франциялық Тьерри Анри (25,5), төртінші - испаниялық Хосеп Гвардиола ("Манчестер Сити", 24), бесінші орында тағы бір испаниялық Эрнесто Вальверде ("Барселона", 23).

1047 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз