Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 04 Сәуір, 2019

Атырау облысы әкімдігінің қызметкерлері қайтыс болған полицейдің отбасына бір күндік еңбекақыларын аударады

Облыстық әкімдік қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын қайтыс болған полицей Шалқар Ақымғалиевтің отбасына аударады. Сонымен қатар, қала әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы оның әріптесі Рүстембек Сүндүтовті қабылдап, Құрмет грамотасын табыстады және адам құтқарудағы батыл әрекеті үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгін, 3 сәуірде Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы полиция кіші лейтенанты Рүстембек Сүндүтовпен кездесті. Ол 21 наурыз күні кешкісін көпірден секірген әйелді құтқарып қалған болатын. Өкінішке қарай, сол түні қасында болған әріптесі Шалқар Ақымғалиевтің ғұмыры үзілді. Рүстембектің өзеннен жолдасын өздігінен тапқысы келген әрекеті сәтсіз аяқталды. 3 градустан аспайтын температурадағы суық судан 30 жастағы кіші лейтенант Сүндүтов жағалауға аман шықты. Рүстембек үйленген, екі баланың әкесі.

-Бүгінде қоғамда полицияға қатысты қалыптасып қалған теріс стереотип бар. Құқық қорғау органдары қызметкерлері туралы сындарды жиі естиміз. Сіздер, өмірден өткен жолдасыңыз Шалқар Ақымғалиев екеуіңіз қазақстандық полиция туралы сондай түсініктерді теріске шығардыңыздар. Өскелең ұрпаққа үлгі болдыңыздар, ата-аналарыңыздың тәрбиелі ұлдары екендеріңізді көрсеттіңіздер, сіздерді барша ел мақтан етеді, -деді Алимұхаммед Құттұмұратұлы.

Атырау қаласының әкімі Рүстембек Сүндүтовке құрмет грамотасын табыстап, батыл әрекеті үшін алғыс білдірді. Еске салсақ, 22 наурызда Наурыз мерекесін салтанатты атап өту кезінде Атырау облысының тұрғындары ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкері Шалқар Ақымғалиевті бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым еткен болатын. Батырды соңғы сапарына шығарып салу рәсіміне жүздеген азаматтар жиналды. Аймақ басшылығы мен облыстық полиция департаменті полицейдің жерлеу рәсіміне байланысты шығындарды көтерді. Облыстық әкімдік қызметкерлері қайтыс болған полицейдің отбасына бір күндік еңбекақыларын аударады. 1 сәуірде Шалқар Ақымғалиев 25 жасқа толатын еді.

1109 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз