Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Сәуір, 2019

«Nur Otan» партиясы Ақмола филиалының төрағасы сайланды

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Ақмола облыстық партия филиалының кезектен тыс XXХІ конференциясының жұмысына қатысты. Конференцияда партияның облыстық филиалының төрағасы болып өңір басшысы Ермек Маржықпаев сайланды. Конференция барысында сөйлеген сөзінде Мәулен Әшімбаев Елбасы саясатын одан әрі жалғастырып, сол жұмыстарға партияның ықпал етуі аса маңызды екенін айтты. Одан бөлек, партияның жаңадан қабылданған «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты бағдарламасын жүзеге асыру барысына назар аударды. «Елбасы Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауы мен «Nur Otan» съезінде әлеуметтік мәселелерді шешуге баса назар аударған болатын. Көп балалы отбасыларға жүйелі қолдау көрсетіп, осы мәселені үнемі басты назарында ұстап келген Елбасына ерекше алғысымызды білдіреміз. Партия Төрағасының бастамасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» жобасы мен қайырымды жандардың арқасында біз көп балалы отбасының баспана мәселесін оң шешуге мүмкіндік тауып отырмыз, - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев. Бұдан кейін Мәулен Әшімбаев Ермек Маржықпаевтың  кандидатурасын партияның облыстық филиалы төрағасы қызметіне Ермек Маржықпаевтың кандидатурасын ұсынды. Депутаттар ұсынысты қолдап дауыс берді. Жаңа сайланған партия филиалының төрағасы үлкен істің тізгінін беріп, зор сенім білдіргені үшін партия мүшелері мен ақмолалықтарға алғысын білдіріп, Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыруда аянбай еңбек ететіндігін жеткізді. Дереккөз: inform.kz 

1003 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз