Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Сәуір, 2019

Алматыда джиу-джитсудан «Koktem open-2019» xалықаралық турнирі өтеді

Сәуірдің 6-ы және 7-і күндері Алматыда бразилиялық джиу-джитсудан Arlan Grip Championship/Kids «Koktem open-2019» халықаралық ашық турнирі өтеді, деп қазақтастандық ақпараттық орталығы хабарлайды.   Жарыстың бірінші күні 4-17 жас аралығындағы кез келген қатысушылар бақ сынайтын болса, екінші күні 18-ден жоғары спортшылар жарыс жолына шығады. Турнир ABB аренада IBJJF халықаралық бразилиялық джиу-джитсу федерациясы ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері мен жас айырмашылығы бойынша өткізіледі. Басталуы сағат 10:30-да (екі күн). Бұл турнирге қыздар мен ұлдар қатыса алады. Ол үшін регламентке сәйкес www.arlangrip.kz немесе www.smoothcomp.com сайттарына тіркеліп, тиісті қаражат төлеу қажет. Турнирдің басты мақсаты елімізде бразилиялық джиу-джитсу спорт түрін дамытып, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру және үздіктерді анықтау. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар және арнайы медальдар табысталады. Өтетін орыны: ABB аренасы, Алматы қаласы, Ерменсай ықшам ауданы, 3 пер., 53 үй. Өтетін уақыты: сағат 10:30-да

1236 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз